Түркістанда автогаз тапшы. Жұрт бірнеше айдан бері көліктеріне газ құя алмай сандалып жүр. Ал автобекеттерде ұзын сонар кезек. Одан қалды жүргізушілер сұйытылған газдың бағасы соңғы кезде біршама өскенін айтып отыр. Тапшылыққа не себеп? Мәселе қашан шешілмек? Айдана Дүйсенбаева зерттеп көрді.