Түркістан облысында тазалық сақтамай, тәртіп бұзғандар 249 млн теңге айыппұл төледі. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері 23 мың азамат қоғамдық орындарда қоқысты бей-берекет тастап, айналасын ластаған. Жағдайды түзету мақсатында аймақта «Таза Қазақстан» республикалық шарасы жалғасып жатыр. Бағдарлама аясында аймақта барлығы 450 ауқымды сенбілік өткізілсе, жыл соңына дейін тағы 807 тазалық жұмысын өткізу жоспарланған.