Түркістан
EN

Ақтөбеде бүгінге дейін қайықпен жүрген ауылда жол қатынасы жанданды

88
24.09.2024

Ақтөбеде бүгінге дейін қайықпен жүрген ауылда жол қатынасы жанданды. Бұған дейін Жаңасай ауылындағы жұртшылық қарғын судың салдарынан жолсыз қалған болатын. Елдімекенді жағалай су басқан кезде бірнеше рет өткел, көпір салу жұмысы жүргізілген екен. Алайда су ағысы қатты болып, еш нәтиже бермепті. Тұрғындар шешімін табуды, қысқа дайындалу үшін уақыт аз қалғанын айтып, мәселені қайта көтерді. Нәтижесінде ауданаралық маңызы бар «Ырғыз-Жайсаңбай» бағытындағы автокөлік жолы қолданысқа берілді.