Түркістан
EN

Үкіметте су тасқыны салдарын жою және олардың алдын алу мәселесі талқыланды

39
24.09.2024

Биыл елімізде су тасқынынан 254 елдімекен зардап шекті. Салдарынан 18 мыңға жуық аса тұрғын үйге зақым келген. Жүргізілген техникалық тексеріс 9 мыңнан астам тұрғын үйге жөңдеу жұмыстары қажет екені, тағы 8457 баспананы мүлде қалпына келтіруге болмайтыны анықталған. Үйлері қирандыға айналған азаматтарға нарықтан 5767 үй мен пәтер беріліпті. Тағы  3 мың азаматқа қауіпсіз жерден жеке тұрғын үйлер салынды. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылып, су тасқыны салдарын жою және алдын алу мәселесі жан-жақты сараланды.