Түркістан
EN

«Керемет келін» жобасының ай үздіктері анықталды

106
23.09.2024

Бүгін арнамыздағы «Керемет келін» жобасына қатысушылар арасында, қыркүйек айының үздіктері анықталды. Бағдарлама барысында бірінші кезеңде жеңіске жеткен 5 келін өзара сынға түсті. Тартысқа толы байқаудың нәтижесінде шымкенттік Қарлығаш Оразбек пен Сарығаш ауданынан арнайы келген Гүлнәр Халыққызы бірінші орынды иеленді. Ал, Ордабасы ауданының келіні Нүрила Маратқызы мен Аружан Әскербек екінші орынға лайық деп танылса, Перизат Садықова үшінші орынды місе тұтты. Айта кетейік, алғашқы орынды иемденгендер енді жыл соңында өтетін ақтық сында бақ сынамақ. Жеңіске жеткен келіншек шетелге саяхаттауға жолдама алады.