Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады. Дәл осындай ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Хабарламада жаңа жылдан бастап педагогтердің еңбекақысы 25 пайызға көтеріледі. Бірақ жаңарту жұмыстарына байланысты 30 пайызға азаяды делінген. Білім және ғылым министрлігі желідегі мәліметтердің жалған екенін растады. Яғни, Президенттің қолдауының арқасында біліктілік санаты үшін 30-35 пайызға дейін ұлғайтылды. Сондай ақ, дәптер тексеру мен сынып жетекшілігі үшін де үстемақы екі есеге артады. Одан өзге, тәлімгерлік үшін ақы төлеу санаты да пайда болғанын атап өтті. Осы орайда, Министрлік тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды