Түркістан
EN

Референдум комиссиясының хатшысы келді

170
23.09.2024

12 млн. Еліміз бойынша  референдумға осынша адам қатысу құқығына ие болды. Ал Түркістан облысында 945 сайлау учаскесі жасақталды. Солардың ең көбі - 89-ы Сайрам ауданында болса,  ең азы - 33 сайлау учаскесі Шардарада тіркелген. Бүгін Түркістанға арнайы іс-сапармен Орталық референдум комиссиясының хатшысы келді. Мұхтар Ерман сайлау учаскелерінің жұмысымен танысып, референдумға дайындық барысын пысықтады. Жалпы республикалық референдумға облыс бойынша 6351 комиссия мүшесі тартылған. Көбі түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізуде тәжірибесі бар мамандар. Қазіргі таңда өңірдегі барлық аудан, қалаларда «сенім телефондары», облыста «109 – бірыңғай» байланыс орталығы іске қосылған.