Түркістан
EN

Интернет сапасы жақсарту бойынша жұмыс жүріп жатыр

127
23.09.2024

Бәйдібек ауданында интернет сапасын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Көп ұзамай Алғабас, Жамбыл, Көктерек, Бөген елді мекендеріне қосымша интернет станциясы салынбақ. Сондай-ақ, Боралдай, Ақбастау, Алмалы, Ағыбет ауылдарына талшықты-оптикалық интернет желісін тарту жоспарлануда. Ауданға іс сапармен барған басқарма басшысы Марат Айнабеков атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап, базалық станциялардың жай-күйімен танысты.