Елге 70 жылдан соң Тұран жолбарысы қайта оралды. 13 мемлекетте мекендейтін жабайы жыртқыштар арнайы Голландиядан әкелінген. Енді олар «Іле-Балқаш» резерватының қорықтық аймағының шекарасында орналасқан кіші вольерде мекендейтін болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі мәлімдеді. Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Тұран жолбарысын Орталық Азияда ұстау үшін қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Есіл өзенінің атырабы таңдалған.