Түркістан
EN

Тіс емханасынан 13 мың вейп тәркіленді

32
23.09.2024

Алматыда тіс емханасынан 13 мың вейп тәркіленді. Күдікті ретінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам ұсталған. Ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындап отыр. Айтуынша, ол табыс табу мақсатында досының тіс емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, биыл 20 маусымнан бастап елімізде вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.