Түркістан
EN

Ұрланған жылқылар GPS арқылы табылды

221
07.12.2021

Бір табын жылқы JPS құрылғысының көмегімен табылды. Әуелі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның сөзінше, құны 60 миллион теңге болатын жылқысын белгісіз біреулер айдап әкетіпті. Тиісінше жылдам іске кіріскен жедел уәкілдердің жұмысына бірнеше атқа JPS электронды бақылау құрылғысын орнатуы оң ықпалын тигізіпті. Нәтижесінде, ұрланған малдың жүрген жері бақылауға алынып, күдікті Үржар ауданының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты «Аса ірі көлемде жасалған мал ұрлығы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.