Түркістан
EN

Құрылысы тұралаған көпір пайдалануға берілді

73
23.09.2024

Төлеби ауданында қос ауылды жалғайтын көпір пайдалануға берілді. Қаратөбе мен Қостөбе елдімекендері арасындағы Балдыберек өзені көктем айларында арнасынан асып тұрғындарды әбігерге салатын. Бұл бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе еді. Оған қоса ауыл арасындағы көпірдің құрылысы 2019 жылы аяқталуы тиіс болған. Дегенмен, мердігер мекеменің жауапсыздығынан көпір құрылысы кейінге қалып келді. Ақыры бұл іске жергілікті халық қалаулылары араласып, нысан пайдалануға берілді. Талай жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің оң шешімін тапқанына тұрғындар ризашылығын білдірді.