Түркістан
EN

Түркістан облысында 16 мың гектарға жуық жерге жаңадан су үнемдеу технологиялары енгізілді

39
23.09.2024

Ауылшаруашылық саласында суды тиімді пайдалану маңызды. Бұл әсіресе су тапшылығы бар Түркістан облысы үшін өткір мәселе болып тұр. Сондықтан өңір тіршілік нәрін үнемдеу әдістері мен технологияларына көше бастады. Әзірге 16 мың гектарға енгізілген. Ал алдағы бес жылда облыстағы суармалы жердің 50%-ына су үнемдеу технологиясын қолданылмақ.