Әскердегі өлім-жітім неге жиілеп кетті: Қорғаныс министрлігі түсінік берді

19
20.09.2024 20:34

Әскери қызметте тәртіп күшейтіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бүгін арнайы брифингте айтты. Сондай-ақ ол бейбіт күнде неге әскерилердің өлім-жітімі көбейіп кеткеніне түсінік берді. Оған басты себеп қару-жарақ пен оқ-дәрілерді абайсыз пайдалану екен. Сондай-ақ техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу, Қызметтен тыс уақытта жол-көлік оқиғасына түсу, отбасындағы қиындықтарға байланысты өз-өзіне қол жұмсау фактілері де кездеседі. Бұдан бөлек Жазықбаев еліміздегі барлық казармада 12 мыңнан астам бейнекамера орнатылғанын мәлімдеді. Оны бақылап отыратын арнайы операторлар бар екен.