Жылыту маусымына дайындық пысықталды

15
20.09.2024 20:32

Түркістан облысында қысқа дайындық қызу жүріп жатыр. Биыл аймақта жылыту маусымы жылдағыдай 1-ші қарашада емес, 15 қазанда берілмек. Осылайша жауаптылар қара суық түскенге дейін қарашаны толық жылумен қамтимыз деп отыр. Бұл жұмыстардың барысы туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.