Түркістан
EN

6,5 млн қорап темекі тәркіленді

81
20.09.2024

Ел аумағына 6,5 млн қорап темекіні заңсыз өткізбек болғандар ұсталды. Күдіктілер Түрікменстан аумағынан әкелінген контрабандалық тауарды Кедендік бақылау аймағынан жасырын өткізген. Автокөліктің жүкқоймасында жолқұжаттарда көрсетілген тауарлардың орнына іс жүзінде темекі кораптары болған. Заңсыз тауардың жалпы құны 1,5 млрд теңге, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен. Қазіргі уақытта аталған дерек негізінде экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.