Елімізде тұрғын үйдің бағасы 14 жарым пайызға көтерілді. Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сәйкес, республика бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 350 мың теңге дейін жеткен. Ал нарықты зерттеп жүрген сарапшылар бір аптаның ішінде тұрғын үйге сұраныс 40 процентке өскенін айтады. Бағаның шарықтап кетуіне не себеп?