Түркістан
EN

«Ардагерлер ұйымы» кеңесі өтті

37
20.09.2024

Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің көшпелі кеңесі өтті. Оған орталық кеңестің төрағасы Бақтықожа Ізмұхаммедов бастаған әр облыстан келген кеңес мүшелері қатысты. Олар ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы басым бағыттардың бірі Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп бастамасын кеінін насихаттауды мақсат еткен. Жиында сөз сөйлеген Орталық кеңес төрағасы облыстардағы ардагерлер ұйымының маңызын, олардың ел тыныштығын сақтаудағы жүйелі жұмыстарына шолу жасады. Сондай-ақ, қазір кеңінен талқыланып жатқан Атом электр станциясының артықшылықтары туралы сөз болды.