Түркістан
EN

Жаңа тағайындау

46
20.09.2024

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде жаңа тағайындау. Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Әбілқасымов аталған агенттіктің Төраға орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың бапсасөз қызметі мәлім етті. Айта кетсек, Тимур Бөкейханұлы 2011 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "бизнес  экономикасы" және "мемлекеттік саясат экономикасы" мамандықтары бойынша бітірді. Лондон бизнес және қаржы мектебінде "тәуекел-менеджмент" мамандығы бойынша МВА дәрежесін алған. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасы Мәдина Әбілқасымованың кеңесшісі болды.