Өрісте жайылып жүрген малды сойып, етін шетінен сатып отырған. Алматы облысының полицейлері «Учаске» жедел іс-шарасы барысында бір топ мал ұрысын ұстады. Күдіктілер бүкіл қылмысты осындай бір схемамен жасаған. Олар мал қараусыз жайылатын жерлерді таңдап, содан кейін сол жерде сойып, етін көліктің жүк салғышына тиеп алып кетіп отырған. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да осыған ұқсас 3 қылмысқа қатысы бары анықталып, тергеу жүріп жатыр.