Тағы да сарбаз өлімі. Қайғылы жағдай Абай облысы, Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөлімінде болған. Нұрсұлтан есімді азамат университет тәмәмдап, Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен. Қыркүйектің 7-сінде ғана баласын әскерге шығарып салған ата-анасына қаралы хабарды әскери бөлімнің командирі хабарлаған. Әзірге жас жігіт өзіне қол салған деп болжануда. Алайда туғандары бұл сөзге күмәнмен қарап, сенбей отыр. Айтуларынша әскерге кеше аттанған баланың мұндай әрекетке баруы мүмкін емес. Қазір аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.