Алты елдің арнайы операция күштері банда құрамын жойды. Көпұлтты оқу-жаттығуды Қорғаныс министрі генерал – полковник Руслан Жақсылықов бақылады. Сондай ақ, Әзербайжан, Катар, Пәкістан, Түркия мен Өзбекстанның қарулы күштерінің өкілдері де бар. Түркістан облысында өткен оқу-жаттығуға Қырғызстан мен Иордания Қарулы күштерінің өкілдері бақылаушы ретінде шақырылды. Әскерилер алдымен жедел-тактикалық жағдайлармен танысты. Содан соң шекараны бұзып өтіп, елді мекенге тығылған заңсыз қарулы құрылымды тауып, көзін жою міндеті қойылды. Әкімшілік ғимаратқа жасалған шабуылдан кейін дрондардың көмегімен туннельден өтпек болған жау күші толық жойылды.