Түркістан
EN

Қазақстанда мопедтер енді көлік санатына жатқызылады

136
19.09.2024

Сенат мопедтерге қатысты жаңа заңды мақұлдады. Енді барлық мопед көлік ретінде тіркеуге алынып, иесі оған мемлекеттік нөмір тағуы тиіс. Себебі, елімізде сегіз айда осы көліктің қатысуымен 962 көлік апаты тіркеліп отыр. Салдарынан 48 адам мерт болып, мыңнан аса тұрғын жараланған. Қоғам алаңдаушылығын тудырған мәселе енді өз шешімін табады деген үміт бар.