Түркістан
EN

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студент өлі табылды

181
19.09.2024

Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен үндістандық екі студент өлі табылды. 21 және 22 жастағы жігіттер Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқыған. Марқұмдардың денесі пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінен табылып отыр. Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам болған. Өйткені пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болыпты. Алайда арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Полицейлер де марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады дейді. Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды. Ал олармен бірге тұрған студенттер болса, иістен уланып, дәрігерге қаралған болып шықты.