Түркістандық кәсіпкерлер шебер сөйлеу мәнерін меңгерді. Даму қорының өңірлік филиалы «Іскерлік риторика: Сөйлеу өнері» тақырыбында арнайы шеберлік сағатын ұйымдастырып. елімізге танымал бизнес-тренерден кеңес алуға мүмкіндік сыйлады.. Жиынға 25-тен аса кәсіпкер қатысып, бизнесті жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерімен, қыр-сырлармен және ең бастысы қажетті лайфхактарымен танысты. Мақсат - кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, оларғы тұтынушылармен дұрыс байланыс орнатуды үйрету. Айта кетсек, шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында «Даму» Қоры елімізде бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мәселен кәсіпкерлер аталған қор арқылы несие пайызын субсидиялап, кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік ала алады.