АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілдері бүгін Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды. Онда зауыт ұжымымен кездесіп, еліміздің қазіргі энергетикалық ахуалы, атом энергетикасын дамыту мүмкіндікері жөнінде кеңінен мағлұмат берді. Өз кезегінде мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков Қазақстан халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісі ретінде, 2060 жылға дейін декарбонизация бойынша міндеттемелерін орындауы қажеттігіне баса назар аударды.