Түркістан
EN

Газ жарылып, зейнеткер көз жұмды

125
19.09.2024

Алматы облысында газ жарылып, бір адам қаза тапты. Оқиға Жалпақсай ауылында болған. Жарылыстың күштілігінен жеке тұрғын үйдің күлі көкке ұшып, егде жастағы үй иесі оқиға орнында мерт болды. Көршілес тұрған үйлер де зақымданды. Бейнежазба авторының сөзінше апат кезінде іште үй иесінен бөлек жүк тасушылар болған. Жарылыс толқыны оларды бірнеше метрге дейін лақтырып жіберген. Абырой болғанда, үйге тоңазытқыш әкелген жұмысшылар дін аман. Белгілі болғандай, жарылысқа газ жүйесіндегі ақау себеп болған.