Түркістан
EN

Балтамен қорқытып, дүкенді тонаған

125
19.09.2024

Балтамен қорқытып, 150 мың теңгені қолды қылған. Талғар қаласында дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Оқиға сауда орнының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам қолындағы суық қаруды дүкеншіге көрсетіп, кейіннен кассадағы ақшаны салып алған. Жолай бірнеше қорап темекіні де қоса әкеткен. Қазіргі таңда Алматы облыстық полиция департаменті аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздестіріп жатыр.