Кентаудағы жылу электр станциясын жөндеу жұмыстары кезекті рет тексеріледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қазандықтарды қайта құру жұмыстарын тексеріп, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер компания өкілдері, инженер, мамандармен пікір алмасты. Стратегиялық нысанның құрылы өте маңызды екенін айтқан өңір басшысы қазандықтарды уақытылы ауыстырып, жұмыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Еске салсақ, Кентау қаласының жылу электр орталығының іргетасы 1934 жылы қаланған. Жылу тұтыну үшін қала бойынша 3255 нысан бар болса, жалпы абоненттер саны 16 мыңға жуық.