Кәсіпкерлерді көлеңкеден шығару үшін мобильді ақша аударымдары қызметіне «төлем жасау» функциясы келесі жылдан бастап қосылады. Бұл туралы қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Бұдан былай тұтынушы тауар үшін «төлем жасау» бағанына өтіп, есеп айырысады, яғни кәсіпкерге қызметі үшін қаржы аударсаңыз, ол – «төлем» деп аталатын болады. Ал сол төлемдер туралы салық органдарына банктерден ақпарат түсіп тұрады.