Түркістан
EN

Аралды құтқарудың амалы

109
18.09.2024

Арал теңізін құрғап кетуден сақтау жұмыстары жанданып келеді. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Орталық Азия елдерінің делегация басшыларымен кездесті. Олжас Бектенов жиында Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу шараларына тоқталды. Кездесуде бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Енді Арал теңізі бассейнінде су ресурстарына мониторинг жүргізу, басқару ісі автоматты режимде жұмыс істейтін болады. Одан бөлек, Ұйымның құрылымы және шарттық-құқықтық базасы жетіле түспек.