Қазақстанда 18 мыңнан астам адам нашақорлардың есебінде тұр. Былтыр олардан 1 млн грамм есірткі тәркіленсе, биылғы 8 айда оның көлемі 900 мың граммға жеткен. Қорқынышты статистиканы депутат Руслан Берденов Мәжіліс отырысында айтты. Оның мәліметінше, бүгінде 37 мыңнан астам сотталған азаматтардың 8%-ы дәл осы есірткі қылмысына қатысты жазасын өтеп жатыр. Сондықтан мәжілісмен Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, қылмыстың артында тұрған мүдделі тұлғаларды анықтауды ұсынды.