Екі сиырды "жигулиге" тиеп алған ер адам айыппұл арқалады. Семей қаласында болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кеткен. Видео екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғаны анық көрінеді. Теміртұлпар тізігінінде Абай облысының 35 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол көлігімен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.