Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері 150 мың тұрғын жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырға 43,6 пайызға өскен. Қазір вирус жұқтырған 203 науқас пен пневмонияға шалдыққан 9 адам ауруханада жатыр. Сондықтан да аймақта 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ-ға, ал 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Аталған мақсатқа аймаққа 271 мың дана «Гриппол+» екпесі жеткізілді. Жауаптылар өңір тұрғындарының 12,9 пайызына екпе егуді жоспарлап отыр.