Елімізде жыл басынан бері 1300 адам жол-апатынан көз жұмып, 16 мың адам зардап шеккен. Қайғылы жағдайдың көпшілігі ақылы жолдарда болған. Бұл туралы бүгін депутат Ұласбек Сәдібеков мәжіліс отырысында айтып, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға сауал жолдады. Мәжілісмен өз сауалында, сапасы сын көтермейтін ақылы автобандардың бүгінгі жай-күйіне тоқталды. Әсіресе, Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа, Түркістан мен Шымкеттің арасындағы тас жолдардың тозығы жеткен,-дейді. Халық қалаулысы осыған байланысты қара жолға біршама жөндеу жүргізіліп, талапқа сай болғанша ақылы жолдың бағасын төмендету керек деген ұсыныс білдірді.