Отандық тауар өндірушілер енді жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алымдарына қол жеткізе алады. Мәжіліс депутаттары бастамашы болған тауар биржалары мәселелері бойынша заң жобасы бүгін бірінші оқылымда мақұлданды. Ол Мемлекет басшысының тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген. Тиісті заңнаманы жетілдіруге бағытталған түзетулер соңғы бес жылда үшінші рет әзірленіп отыр.