Түркістан
EN

Түркістанда спортқа деп бөлінген ақшаны талан-таражға салғандар сотталды

236
06.12.2021

Түркістан облысында спортқа деп бөлінген ақшаны талан-таражға салған шенеуніктер сотталды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралған істе Полат Қырықбаев, Мұрат Пернебаев, Бахыт Оспанова және Ғани Әшірбековке қызмет бабын пайдаланып, аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру үшін қылмыстық топ құрды деген айып тағылды. Тергеушілердің айтуынша, олар 2019 жылы дене шынықтыру және спорт басқармасы арқылы жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін бөлінген қомақты қаржыны жымқырған.