Астанада «Орталық Азия – Германия» форматындағы саммит өтті. Оған Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Германия Федералдық канцлері Олаф Шольц та бар. Саммитті ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысқан Федералдық канцлер Олаф Шольц пен Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларына ризашылығын білдірді. Президент ортақ мүдделерге ден қоя отырып, бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды. Тауар айналымын ұлғайтуды бірінші міндет ретінде атады. Бірлескен өңірлік жобаларды тиімді іске асыру есебінен сауда көрсеткішін арттыру, тауарлар номенклатурасын кеңейтуді ұсынды. Сондай-ақ энергетикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуді келесі басымдық ретінде атады.