Түркістан
EN

Елімізде 2 гигаваттан аса электр энергиясы жетіспейді

198
17.09.2024

Елімізде 2 гигаваттан аса электр энергиясы жетіспейді. Сондықтан біз оны Ресей мен Қырғызстаннан сатып алуға мәжбүрміз. Ал атом электр станциясын салу мәселені толықтай шешпесе де жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берер еді. Бұл Энергетика министрлігі ядролық физика институты бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаевтың пікірі. Маманның айтуынша референдум нәтижесімен бастама қолдау тапса, елімізде су-сулы реактор құрылысы басталады. Станцияның осы түрін қолданып жүрген елдерде 50 жыл ішінде бірде-бір апат тіркелмеген.