Түркістан
EN

Арыста әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алды

184
17.09.2024

Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан оқ атқан. Оқыс оқиға 16 қыркүйек күні тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде болыпты. Алдын ала ақпарат бойынша, оның мұндай әрекетке баруына, отбасындағы  жанжал себеп болған көрінеді. Травматикалық қарудан жарақат алған әскери қызметкер қазір аудандық ауруханада жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Еске салсақ, бұған дейін Жезқазғанда әскери бөлім офицері өзін кездейсоқ атып алған болатын.