Түркістан телеарнасының түсірілім тобы еліміздің солтүстік облыстарында жүр. Тілшіміз Бақдәулет Анарбай оңтүстіктен қоныс аударған азаматтардың қазіргі жағдайымен танысып жатыр.Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза тапты, оның ішінде 2 жасар бала бар. Қайғылы оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында болған. Cadillac Escalade жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде DAF жүк көлігіне, одан ары Газель көлігіне соғылған. Салдарынан екі жүргізуші мен жол талғамайтын көліктің бес жолаушысы көз жұмды. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ріптесіміз, қазір бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын. Бақдәулет, теріскейде күн райы қалай?