Түркістан
EN

Петропавлда 100 шақты адам құтқарылды

36
17.09.2024

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шығып, 90-нан астам адам құтқарылды.  Төтеншеліктердің  мәліметінше, тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Құтқарушылар баспалдақ маршымен 70 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 10 бала бар. 24 адам құтқарылды, олардың 6-ы - балалар. Зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын 9 шаршы метр алаңды шарпып үлгерген. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан дейді мамандар.