Түркістан
EN

Маңғыстауда ірі есірткі қоймасы табылды

44
17.09.2024

Маңғыстауда есірткі заттары сақталған қойма табылды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті  облыстағы «Өмір» демалыс базасына қарай 39 шақырым жерде орналасқан құмды аумақтан жасырын қойманы анықтаған. Нәтижесінде,  салмағы 10 келі, бағасы 60 миллион теңге тұратын, гашиш есірткісін тапты. Қазір аталған дерек бойынша алдын ала тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.