Түркістан
EN

Жыл басталғалы адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыс тіркелді

61
17.09.2024

Елімізде жыл басталғалы адам ағзасын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 6 дерек бойынша қылмыс жасағандар жауапқа тартылыпты. Ал қалған 9 іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кейінгі 5 жылдағы қазақстандықтардың адам ағзасын шет елге сату дерегі бойынша 2  дерек тіркелген. Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 116-бабында адамның ағзасы мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою әрекеті көрсетілген. Бұл бап 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.