Түркістанның жеке дизайн-коды енгізіледі. Ал қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет беріледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында айтылды. Еске салайық, былтыр өңірге келген мемлекет басшысы Түркістан қаласына тарихи және рухани елорда мәртебесін беру бастамасын көтерген болатын. Заң жобасы осы тапсырма аясында құрылған.