Түркістан
EN

Үкімет басшысы Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін марапаттады

72
16.09.2024

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент атынан Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларды жетістіктерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыстады. Пара пауэрлифтингтен екі дүркін чемпион болған Дэвид Дегтярев I дәрежелі «Барыс» орденімен, ал дзюдодан алтын алған Ақмарал Науатбек Үшінші дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Күміс медаль еншілеген мерген Еркін Ғаббасов, жүзуші Нұрдәулет Жұмағали және дзюдошы Шамей Ерғали «Парасат» орденінің иегерлері атанды. Ал қола алған спортшылар Дастан Мұқашбеков, Зарина Райфова, Даяна Федосова және Жұрқамырза Шүкірбековке «Құрмет» ордені берілді. Сондай-ақ бапкерлердің бесеуі «Парасат» орденімен, жетеуі «Құрмет» орденімен, екеуі Президенттің Құрмет грамотасымен марапатталды. Еске сала кетейік, Парижде өткен Паралимпиадаға Қазақстаннан 44 спортшы қатысты. Олар 2 алтын, 3 күміс, 4 қола еншілеп, медаль саны бойынша рекорд орнатты.