Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Олаф Шольцпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

60
16.09.2024

Германия канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Ақордада салтанатты түрде күтіп алды. Мемлекет басшысы шағын құрамдағы келіссөз кезінде канцлер сапарының тарихи мәні зор екенін атап өтті. Себебі Германия Үкіметінің басшысы соңғы 14 жылда елімізге келмеген. Тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, әсіресе, энергетика, «жасыл» трансформация, көлік-логистика, экология және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты күшейтуге мүдделі екенін растады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федералдық канцлер Олаф Шольц Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылдады. Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі және экономикамызға инвестиция салған жетекші елдердің санатына кіреді.