Енді зейнетақы жиғаныңызды мақсатты жұмсағыңыз келсе, келер жылдан бастап ойлап жүрген ақшаңызды ала алмай қалуыңыз әбден мүмкін. Өйткені 2022 жылдан зейнетақы жинағын алудың шекті мөлшері екі еседей артады. Жауаптылар бұл шешімге қатысты түсінік те берді. Айтуларынша, басты себеп әлеуметтік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюы екен. Алайда сарапшылар мұны билік тарапынан қабылданған "ең сәтсіз шешім» деп баға беріп отыр.