Ақтауды жағымсыз иіс пен қою қара түтін жайлады. Белгілі болғандай, Мұнайлы ауданынан 25 шақырым жердегі тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенген. Қоқыс алаңы – 25 гектар болса, соның 800 шаршы метр бөлігі отқа оранған. Полигон Ақтау қаласына жақын орналасқан. Сондықтан қала тұрғындары қолқаны қабатын жағымсыз иәске шағымданып жатыр. Құтқарушылар дәл қазір қоқыс алаңында реультивациялық жұмыстар жүргізуде.