Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 18 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға Іле ауданы, Көкқайнар ауылында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының мәліметінше, жас жігіт рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Салдарынан ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.